Қазақстандағы ЖІӨ өсімі жыл соңына қарай 4,6%-ды құрайды - Халықаралық валюта қоры

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қорының болжамына сәйкес 2014 жылдың соңында Қазақстандағы ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,6% құрайтын болады.

Бұл туралы болжамын бүгін Алматыда өткен «Аймақтық экономиканың дамуы: Кавказ бен Орталық Азия» есебінің таныстырылымында Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өкілдері мәлім етті. Қор сарапшылары 2015 жылы Қазақстандағы ЖІӨ 4,7% болатынын атап өтті. Кавказ бен Орталық Азия аймағында 2013 жылы экономикалық өсім 6,6%-ға төмендесе, 2014-2015 жылдары 5,5%-ға төмендемек. ХВҚ Таяу Шығыс елдері департаменті директорының орынбасары Юхи Кяхкененнің айтуынша, экономикалық өсімнің баяулауына Ресей мен Украина арасындағы, Таяу Шығыс, Ирак, Сириядағы геосаяси шиеленістер де әсерін тигізіп жатыр. «Аймақтағы оқиғалар дамып келе жатқан нарықтарға кері әсерін тигізеді. Тіпті, болжанып отырған өсімге де қол жетпей қалуы мүмкін. Атап айтқанда, Ресейдің экономикалық белсенділігінің төмендеуі ақша айналымының, экспорт пен инвестициялардың қысқаруына әкеп соғады. Ресейдегі ахуал Кавказ-Орталық Азия аймағында 2014-2015 жылдары экономикалық өсімнің 5,5%-ға төмендеуіне ықпал етеді», - деді Юхи Кяхкенен. Маманның айтуынша, бұл өзгерістер инфляцияның қозғалысына да әсерін тигізеді. «Қазақстанда экономикалық өсімнің баяулауы мен азық-түліктің арзандауына қарамастан, инфляция деңгейі 2014-2015 жылдары 6,1%-ға өседі. Оған теңгенің құнсыздануы ықпал етті. Қазақстанда инфляция Ұлттық банк көрсеткен 6-8% дәлізде сақталады», - деді Ю.Кяхкенен.

Соңғы жаңалықтар