Қазақстандағы жемқорлық жайлы фильмді Netflix пен Amazon-да көрсету үшін келіссөз жүріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық туралы экшн-фильмді жарыққа шығарады. Продюсерлердің айтуынша, «Жаза» кинокартинасы кинотеатрларда ғана емес, әлеуметтік желі арқылы да нарықты дүр сілкіндірмек. Фильмнің режиссері – Дархан Төлегенов, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Продюсер Максим Акбаров басқаратын Golden Man Media шығармашылық тобы фильм өндірісімен айналысып жатыр.

«Бұған дейін фильм жарнамасына қатысты жұмысты тек өзіміз атқаратынбыз. Қазір киноны дамыту орталығы тарпынан қолдау бар, бұл – біз үшін үлкен көмек. Сейлз агент (sales agent) ретінде «Ниет» деп аталатын қазақстандық компанияны жұмылдырдық. Ондағы мамандар американдық QED International кинодистрибьюторымен серіктестік орнатып, Бред Питт ойнаған «Қаһар» және атақты «№9 аудан» фильмдерінің сатылымымен айналысқан болатын. Енді QED International біздің фильмге қызығушылық танытып отыр. Қазір барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Netflix, Amazon, HBO және Peacock сынды әлемдегі негізгі стримингтік платформалармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біздің фильм жарыққа шыққан соң екі тараптың қауқарын көрсете алатындай нарықты дүр сілкіндіруі керек», – дейді Максим Акбаров.

Көрермен кинокартинаны үлкен экраннан биыл күзде тамашалайды.

Қазір саундтректерді танымал артистер жазып жатыр, олардың есімі фильмнің прокаты қарсаңында жарияланады.


Соңғы жаңалықтар