+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

2020 жылғы 17 мамыр 13:30
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өтіп бара жатқан аптада бірқатар маңызды кадрлық ауыс-күйістер болды. Әсіресе танымал спортшылар жаңа қызметке орналасып, Президент әкімшілігі мен «Nur Otan» партиясының жаңа қызметкерлері тағайындалды , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының жаңа орынбасарлары тағайындалды БҚО жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жаңа басшы келді Дәурен Сәбитов ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры болып тағайындалды

Апта басында белгілі спортшы Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтап, Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінің директоры қызметіне кірісті.

Илья Ильин 1988 жылы 24 мамырда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ауыр атлет 2005, 2006, 2011, 2014 жылдары әлемнің төрт дүркін чемпионы атағына ие болды. Екі Олимпиадаға қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті.

«Бұл шешімді қабылдау маған оңайға соққан жоқ. Мен Токио Олимпиадасына қатысуды алдыма мақсат еткен едім. Дегенмен аталған дода да белгілі себептерге байланысты кейінге шегерілді. Сондықтан мен спортшы ретінде карьерамды аяқтап, енді аталған салада қызмет атқаруды дұрыс деп санадым. Осылайша, спорт саласында менеджмент мәселесін жан-жақты меңгерсем деймін. Келешекте бапкерлік қызметке келуім де мүмкін. Оны уақыт көрсете жатар. Қазіргі ең басты міндетім - жаңа қызметте өзімнің қабілетімді жан-жақты көрсете білу», - деді Илья Ильин.

Сонымен бірге, Батыс Қазақстан облысында самбодан төрт дүркін әлем чемпионы болған Ерболат Байбатыров ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды.

Е.Байбатыров – самбодан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Әлем біріншілігінде төрт мәрте жеңімпаз атанған жалғыз қазақстандық балуан.

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Ерболат Сағатұлы еңбек жолын 2009 жылы жекпе-жек спорт түрлерінен Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде самбодан жаттықтырушы болып бастады. 2009-2013 жылдары ҚР ҰҚК Шекара қызметінде әскери борышын өтеді. 2013-2018 жылдары БҚО ішкі істер департаментінің қызметкері, сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында самбодан спортшы-нұсқаушы міндетін атқарды. 2018 жылдан күні бүгінге дейін ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу-спорт жұмыстары жөніндегі орынбасары болды.

ҚР Парламенті Сенаты Аппараты басшысының орынбасары болып Максим Споткай тағайындалды.

Максим Споткай 1991 жылы Павлодар облысында туған. Омбы мемлекеттік техникалық университетін бітірген. «Nur Otan» ХДП Ақсу қалалық филиалының жастармен жұмыс жөніндегі маманы, «Джей Энд Эс» халықаралық компаниясының қазақ тілі оқытушысы, «ZamandaS» Омбы қазақ мәдени-ағарту газетінің бас редакторы, «Мәдениет, спорт және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының бас маманы, «Павлодар облысының кәсіпорталығы» КАБ төрағасының м.а., «Павлодар кәсіпқызмет» ЖШС-нің директоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-нің жетекшісі, бас сарапшысы, «Нұр-Медиа» ЖШС Медиа редакциясының басшысы, бас директорының орынбасары, «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты Баспасөз қызметінің жетекшісі, Қазақстан Республикасының Президентіне үміткер Қ.Тоқаевты қолдау Республикалық қоғамдық штабы Баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет істеген.

Мемлекет басшысының өкімімен Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болған Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығыметов басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Ал «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының басшысы болып Мәди Оспанов тағайындалды.

Мәди Оспанов 1978 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Оның «Nur Otan» партиясының құрылымында айтарлықтай тәжірибесі бар. 2013 жылдан 2018 жылға дейін партияның заң қызметін басқарды. 2018 - 2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының басшысы болды. Осы жылдар ішінде ол Президент Әкімшілігінде, Премьер-Министр Кеңсесінде, Есеп комитетінде, Қаржы министрлігінде және басқа да бірқатар қызметтер атқарды. Бұған дейін осы қызметті атқарған Әнуар Өскенбаев отбасылық жағдайға байланысты өз еркімен қызметінен босатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT