Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

2019 жылғы 12 мамыр 19:56 649
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы аптада екі ғана жұмыс күні болса да, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бірқатар кадрлық тағайындаулар болды. Әсіресе, ауыс-түйістердің басым бөлігі комитет деңгейінде жасалды. Жергілікті жерде де бірқатар тағайындаулар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облыстық ПД бұрынғы бастығының әскери атағы өзінде қалады - ІІМ Ләззат Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы болып тағайындалды

Аптаның басында ҚР цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Виталий Владимирович Ярошенко Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

В. Ярошенко 1977 жылы дүниеге келген. Ақмола аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген.

2003 жылдан бері байланыс саласына жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2015-2017 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаментінің директоры, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және БАҚ саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды.

2017-2019 жылдары - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары. 2019 жылғы ақпаннан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Людмила Витальевна Бюрабекова Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы қызметіне келді.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мен Фармация комитеті біріктіріліп, жаңадан Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитеті құрылған болатын.

Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы Қазақ фармацевтика институтын, 2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Мамандығы бойынша - дәрігер, провизор, іскерлік әкімшіліктендіру магистрі.

Еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында бастаған. 2004-2005 жылдары Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді клиникалық ауруханасында дәрігер-клиникалық дәрі-дәрмек маманы ретінде қызмет атқарған.

2005-2010 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі лауазмдарды атқарған. 2011-2014 жылдары Республикалық оңалту орталығында, Ұлттық медицина холдингінде, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында жұмыс істеген.

2014-2015 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасында бас инспектор ретінде еңбек еткен. 2015 жылдан 2017 жыл аралығында ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2017 жылғы тамыздан бастап қазірге дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрайымы болды.

ҚР Мәдениет және спорт министрі де бір комитеттің жаңа басшысын тағайындады. Тіл саясаты комитетінің төрағалығына Ғалымжан Сәрсенбайұлы Мелдешов келді

Ғ.Мелдешов 1964 жылы 30 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген. 1981-1986 жылдары Алматы қаласында С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «журналист» мамандығы бойынша тәмамдады.

1986-1989 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген аудандық газетінде жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде қызметкер, 1989-1999 жылдар аралығында республикалық «Лениншіл Жас» - «Жас Алаш» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас менеджер, 1999-2009 жылдар аралығында «Түркістан» газетінде бас редактордың орынбасары, 2009-2012 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК «Қазақ радиосының» бас директоры, 2012-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, осы министрлікке қарасты «Ғылым қоры» АҚ Әкімшілік департаментінің директоры, 2013-2014 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау-Медиа» холдингінің бас директоры, 2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі, 2016-2018 жылдар аралығында  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары. 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы «Ұлттық киноны қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасын да ауыстырды. Аталған қызметке Андрей Хазбулатов тағайындалды.

Бұдан бөлек, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қанат Құрмашұлы Байытов индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Қ. Байытов 1968 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Қарағанды политехникалық институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын тәмамдаған. 1992-1994 жылдары «ҚазАлтын» ТКБК Бестөбе кенішіндегі №2 шахтаның жер асты тау-кен мастері болып жұмыс істеген. 1994-1995 жылдары - «ҚазАлтын» ТКБК Бестөбе кенішіндегі «Западная» шахтасының бас инженері. 1995-1999 жылдары - «ҚазақАлтын» АҚ Ақсу кенішінің «Капитальная» шахтасының бас инженері. 1999-2002 жылдары - «Қамқор» ААҚ экономика және қаржы жөніндегі директоры. 2003-2008 жылдары Центр кредит банкінің құрылымында жұмыс істеді. 2008-2009 жылдары - «Өндіріс компания» ЖШС экономика және қаржы директорының орынбасары. 2009 жылдан бастап Индустрия министрлігінде жұмыс істейді. 2009-2010 жылдары - металлургия және химия өнеркәсібі басқармасының басшысы, 2010-2011 жылдары -тау-кен өнеркәсібі басқармасын басқарды, 2011-2014 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының басшысы. 2014-2019 жылдары - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары. 2019 жылдың ақпан айынан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ал ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының жаңадан үш орынбасары тағайындалды. Олар - Талғат Мамаев, Өмірзақ Бейспеков пен Жайдар Іңкәрбаев.

 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президенті күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды.

Ал Болат Бәриұлы Иманбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Жергілікті жеде де бірнеше ауыс-түйістер болды. Мысалы, Қарағанды облыстық Полиция департаментінің басшысы қызметіне Ерлан Файзуллин тағайындалды. Е.Файзуллин 1973 жылы дүниеге келген, жоғары білімі бар. Құқыққорғау органдарында 1995 жылдың қыркүйегінен бастап істейді. Орта және аға басшылық құрамдарда түрлі лауазымды қызметтер атқарған. Басшылық лауазымда да  жұмыс тәжірибесі бар. Қостанай облыстық полиция департаменті Федеров аудандық полиция бөлімінің бастығы, аталған департамент бастығының орынбасары, 2018 жылдың желтоқсанынан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болған.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментіне де жаңа басшы келді. Ол -полиция полковнигі Марат Сағынтайұлы Төлебаев. М.Төлебаев 1969 жылы туған, білімі жоғары. Еңбек жолын құқық қорғау органдарында 1990 жылдың қазан айында бастап, орта және аға басшылық құрамның түрлі лауазымдарында қызмет етті. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінде Сарыарқа, Алматы аудандық басқармаларының бастығы, Қостанай облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2017 жылдың қараша айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Ал Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Ілияс Мұхамеджанов тағайындалды.

І.Мұхамеджанов бұл тағайындауға дейін 2017 жылдан бастап аталмыш басқарманың басшы орынбасары қызметін атқарды. Ол С.Д.Асфендияров атындағы ҚазММУ бітірген. Алматы Жедел медициналық көмек ауруханасының операциялық блогында санитар болып жұмыс істеген. Кейін Б.О.Жарбосынов атындағы Ұлттық урология орталығында (ҰУО) ғылыми қызметкер, ҰУО-да ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. Түрлі жылдары Аустрия және Мысырдың медициналық клиникаларында біліктілігін арттырды. Қазақстан урологтары қауымдастығының басқарма мүшесі, түрлі еңбектердің авторы.

«Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы да ауысты. Ал Ақтөбеде Мәртөк ауданының әкімі қызметіне Ермек Кенжеханұлы тағайындалды.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Тағайындау,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT