+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

2016 жылғы 22 қазан 09:36
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптада еліміздің орталық және жергілікті атқарушы органдарында бірқатар тағайындау орын алды. Мәселен, еліміздің жаңа Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне кіріссе, елорданың үш ауданының әкімдері бір күнде ауысты. ҚазАқпарат апта ішінде орын алған осы және өзге де тағайындауларға шолу жасайды.

Сонымен ҚР Үкімет қаулысына сәйкес, Серік Рахметоллаұлы Егізбаев ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды.

Серік Егізбаев 1963 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1985 жылы БҚО Ауыл шаруашылығы институтын, 2000 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері академиясын бітірген. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында, ҚР Премьер-Министр Кеңсесінде қызметтер атқарды. 2007 жылдан бүгінге дейін ҚР Президент Әкімшілігінде жұмыс жасады. 2015 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. Негізгі мамандығы - «агроном».

Айта кетерлігі, бұл аптада Қызылорда облысында бірқатар тағайындау орын алды. Мәселен, Қызылорда облысы әкімінің аппарат басшысының міндетін атқарушы қызметіне Марат Нұрсайынұлы Делмұханов келді.

М.Делмұханов 1979 жылы туған. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «бухгалтер-экономист» және «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының экономика басқармасының бас маманы болып бастаған, «Технопарк «Алгоритм» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болған. 2002-2010 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында бас маман, бас инспектор, бөлім меңгерушісі және облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары. 2010-2013 жылдары - Маңғыстау облысы әкімі аппаратында бас инспектор, бөлім меңгерушісі және аппарат басшысының орынбасары. 2013-2015 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Батырхан Зиятов Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Б.Зиятов 1976 жылы 13 қазанда Қызылорда облысында туған. 1997 жылы Алматы жоғары әскери училищесін, 2011 жылы Тараз мемлекеттік университетін бітірген. 1997-2003 жылдары Үшарал, Аягөз гарнизондарындағы әскери бөлімдерде әртүрлі лауазымдарда қызмет өткерген. 2003-2006 жылдары Ақмола облысының жергілікті әскери басқару органдарында бөлім бастығының көмекшісі - жиын пунктінің бастығы, Әскери комиссардың орынбасары - Ақмола облысы Көкшетау қалалық әскери комиссариаты жұмылдыру бөлімшесінің бастығы, Щучье қаласы қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы лауазымдарында болған. 2006-2016 жылдары Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде басқарма бастығының орынбасары - жұмылдыру даярлығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бастығы, Жұмылдыру басқармасы жұмылдыру бөлімінің бастығы, Департамент бастығының бірінші орынбасары - жұмылдыру басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Қайрат Болатұлы Мұхитов тағайындалды.

Қайрат Болатұлы Онтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1983 жылы бастаған. 1987 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. Әр жылдары жедел қызметтерде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Соңғы лауазымы - ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

1963 жылы дүниеге келген Мұрат Жолкелдіұлы Тілеумбетов Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы қызметіне кірісті. Ол Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы «Қызылордақұрылыс» тресінің жұмысшысы ретінде бастаған. 1985-2010 жылдар аралығында облыстағы құрылыс мекемелерінде басшылық қызметтер атқарды. 2010-2013 жылдары «Оңтүстік» мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Қызылорда облысы бойынша өңіраралық филиалының басшысы болды. 2013-2014 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Ақмола облысында да бірқатар басқармалардың басшылары ауысты. Атап айтқанда, Ербол Амангелдіұлы Оспанов Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Ербол Амангелдіұлы, 1989 жылы туған, стандартизация, метрология и сертификаттау бакалавры және экономика мен бизнес магистрі мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 2011 жылғы қыркүйекте Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы болып бастады. 2013 жылғы қаңтардан бастап 2015 жылғы қыркүйек аралығында облыс әкімінің аппаратында бас маман-инспекторы және индустрия мен инвестицияларды дамыту бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарды. 2015 жылғы қыркүйектен бастап Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болып істеді.

Ал Берік Лухманұлы Мұстафин Ақмола облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы болып тағайындалды.

Берік Лухманұлы, 1970 жылы туған, экономист және заңгер мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1997 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүйесінде бастаған. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің іс басқарушысы, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2015 жылғы сәуірден бастап Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы болып қызмет етті.

Бір күннің ішінде елорданың үш ауданының да әкімі ауысты. Сарыарқа ауданының әкімі болып, Тұрлыбек Арман Алашұлы, Есіл ауданының әкімі болып Бөлекпаев Ермағанбет Қабдылұлы, ал Алматы ауданының әкімі болып Сәрсембаев Әділбек Зейноллаұлы тағайындалды.

Ә.Сәрсембаев 1978 жылы туған. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ салық инспекциясында бастаған. ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы, Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, «Астана қалалық табиғат ресурстарын және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы қызметтерін атқарған.

Е.Бөлекпаев 1975 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 1996 жылы банк саласында бастаған. 1998-2009 жылдары ҚР орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарған. Әр жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша және Астана қаласы бойынша аумақтық басқармаларына басшылық еткен. Соынмен қатар елорданың «Сарыарқа» және «Алматы» аудандарына әкім болған.
А.Тұрлыбек 1971 жылдың 6 мамырында туған. Еңбек жолын 1993 жылы бизнес саласында бастаған. 1999 жылдан бері Қарағанды облысы әкімдігінің жүйесінде жұмыс істеп, Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, Сәтбаев қаласының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болған. 2010 жылдан ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жауапты қызметтер атқарған.

Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің өкімімен Бәйдібек ауданының әкімі болып Бақытбек Төленұлы Танагөзов тағайындалды.

Бақытбек Танагөзов 1957 жылы дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының тумасы. Білімі - жоғары, экономист мамандығын игерген. Еңбек жолын 1979 жылы Шолаққорған мемлекеттік банкінің экономисті ретінде бастаған. Кейін Созақ ауданында партия комитетінің нұсқаушысы, комсомол комитетінің бірінші хатшысы, партия комитеті үгіттеу және насихаттау бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен. 1989-2010 жылдары «Агроөнеркәсіп қызметкерлері» кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы, Созақ ауданы әкімінің орынбасары, «Тұран Әлем Банк» Таукент бөлімшесінің басқарушы және «Әйгерім», «Санжар фрудс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры лауазымдарында еңбек еткен. 2010-2016 жылдары Сайрам ауданы Тассай ауылдық округінің әкімі, Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі және орынбасары лауазымдарын атқарған. 2016 жылдың мамыр айынан бастап Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары болған.

«Qazaq Banki» АҚ Директорлар кеңесі осы кеңестің мүшесін - тәуелсіз директор Ғани Тоқсанбаевты 2016 жылдың 24 қазанынан бастап банк басқармасының төрағасы лауазымына тағайындау туралы шешім қабылдады.

Ғани Тоқсанбаев Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының «Халықаралық құқық» мамандығын үздік тәмамдады, Вирджиния книверситетінің Құқық мектебінде заң магистрі дәрежесіне ие болды, сонымен қатар Оксфорд университетінің Құқық тәжірибесі Институтын аяқтап, үздік диплом алды. Әділет министрлігінде, «Ұлттық заң қызметі» ЖАҚ, Dentons халықаралық заң компаниясында әртүрлі қызметтерді атқарды, Лондонда және Қазақстанда Credit Suisse банкінің вице-президенті қызметін атқарды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT