Қазақстандағы заңнама Исламдық банктерге Қазақстан нарығында жұмыс істеуге толық мүмкіндік береді

None
None
АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстандағы заңнама Исламдық банктерге Қазақстан нарығында жұмыс істеуге толық мүмкіндік береді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Абу Даби «Al Hilal» Ислам банкінің басқарма төрағасы Мұхамед Берро мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі кездегі Қазақстандағы Исламдық қаржыландыруға байланысты заңнамадағы қабылданған талаптарда барлығы толығымен қамтылғанын жеткізген ол, «бүгінде бұл заңнама «Ai Hilal» Банкіне және басқа да Ислам банктеріне Қазақстан нарығында жұмыс істеуге мүмкіндік жасап отыр», деді.

Сондай-ақ ол баспасөз мәслихаты барысында биылғы жылы банк Қазақстанға 250 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция бағыттауға дайын екенін, сондай-ақ бұл қаржы алдағы жылдары артатынын жеткізді.

Айта кетейік, бүгін таңертең Астанада аталған мәселеге байланысты өткен конференцияда П. Абрахим Абу Даби Үкіметі Исламдық банк арқылы Қазақстанға 1 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция салуды мақұлдағанын айтқан еді. Банк еліміздегі корпоративтік секторға, өнеркәсіпке, тау-кен саласындағы, сондай-ақ автомобильдер жолдары құрылысының жобаларын қаржыландыруға қатысуға ниетті.

Соңғы жаңалықтар