Қазақстандағы Украина Елшісі қашан тағайындалады – СІМ жауабы

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан тарапы шешім қабылдағаннан кейін ғана Украина Елшісі тағайындалады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан тарапы қашан шешім қабылдайды, сол кезде Украина Елшісі тағайындалады», - деді Айбек Смадияров ведомствода өткен апталық брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар, ол Қазақстан тарапы қашан шешім қабылдайтындығы белгісіз екендігін айтты.

«Халықаралық тәжірибеде және 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес, тараптардың бір-біріне Елші тағайындауы жабық процесс саналады. Сондықтан қашан, кімнің тағайындалатындығы ешқашан айтылмайды», - деді ресми өкіл.


Соңғы жаңалықтар