Қазақстандағы түрмелерде соңғы үш жылда 53 азаптау фактісі тіркелген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық түрме реформасы Орталық Азиядағы өкілдігі директорының орынбасары Жанна Назарова Қазақстандағы түрмелерде соңғы 3 жылда 53 азаптау фактісі тіркелгенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Соңғы үш жылда барлық уақытша оқшаулағыштар мен түзеу мекемелерінде азаптауға қатысты 53 факті тіркелді. 13 жағдай қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тіркелсе, 33-і Ішкі істер органдарының мекемелерінде болған. Тағы 7-і басқа жағдайлар бойынша тіркелді», - деді Жанна Назарова ІІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуына қарағанда, кей жағдайда колония қызметкерлері өз жұмысының атқарылуы үшін сотталғандарды мәжбүрлеуге тырысқан.
«Жоғарыда аталған статистиканың алты фактісі – әкімшіліктің ерікті көмекшілерді пайдалануы болып отыр. Яғни, бұл дегеніңіз сотталғандардың өзін басқа сотталғандарға қарсы пайдалану деген сөз. Осы факт бойынша алты адам сотталды», - деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін ҚР ІІМ ҚАЖК төрағасы Дархан Қанатбеков Қазақстанда түрмедегі адамдардың саны 100 мыңнан 29 мыңға азайғанын мәлім еткен болатын.
Айта кетерлігі, бұған дейін әлеуметтік желілерде формадағы адамдардың тұтқынға жәбір көрсетуі туралы видео тараған еді. Алматы облысында болған оқиғаның бейнежазбасы қоғам наразылығын тудырды.
Ақыры, Алматы облысындағы ЛА-155/8 мекемесінде сотталғандарды азаптаған қызметкерлер жауапкершілікке тартылды. Колония басшылығы жұмыстан кетті.
- Біз адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдармен жұмыс істеуге дайынбыз - Көшербаев
- Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өткізіледі
- ТМД Сыртқы істер министрлері Алматыда кездеседі
- ЕАЭО - 5 жыл: Мәскеу метросында мерейтойлық пойыз жолға шықты
-
Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мұнай өндіруді қосымша қысқартуды қолдады
-
Мемлекет басшысы Фраунхофер институтының өкілімен кездесті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам