Қазақстандағы Түркия азаматтары президенттік және парламенттік сайлауда дауыс беруде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағындағы Түркия азаматтары екі күн ішінде президент сайлауына және парламенттің 27-шақырылымы сайлауына қатыса алады, деп хабарлайды Анадолы.

Астанадағы түркиялықтар Түркия елшілігінде, ал Алматы және Ақтау қалаларында бас консулдықтарда дауыс беруде.

Түркияның Жоғары сайлау комиссиясының мәліметтерінше, Астанадағы Түркия елшілігіне 641, Алматыда - 2578, Ақтауда 348 сайлаушы тіркелген.

Дауыс беру 16-17 маусым күндері жергілікті уақыт бойынша 09:00-ден 21:00-ге дейін өтеді.

Түркияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Невзат Уянык журналистерге берген сұхбатында дауыс беру процесіне дайындық аяқталғанын жеткізіп, дауыс беру процесін ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы үшін Қазақстанның тиісті құрылымдарына алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар