+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Қазақстандағы туризмді қалай дамытуға болады

2019 жылғы 19 қыркүйек 13:47
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы туризмді қалай дамытуға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Азия-Тынық мұхиты елдерінің саяхат қауымдастығының бас директоры Марио Харди Қазақстандағы туризмді дамыту бойынша кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алакөлде құны 20 млрд теңгені құрайтын алты жоба іске асады – әкім Түлкібасқа бір жылда 17 мыңнан аса турист келген - аудан әкімі Қазақстан мен Өзбекстанның көне қалаларын көрсететін туристік маршрут ашылды

«Туризмді дамыту үшін ең алдымен визасыз режим тізіміндегі елдердің санын арттыру қажет. Екіншіден, маркетингке көңіл бөлу маңызды. Туристерге ашық, қолайлы мемлекеттің бар екенін барлық жерде насихаттау қажет. Бұл менің Қазақстанға үшнші сапарым және мұнда көруге тұрарлық орындардың көп екенін білемін. Қазақстанда тау-шаңғы курорты бар, бірегей мәдениет, дәмді тағамдар - осының барлығын туристерге ақпарат ретінде жеткізу керек. Сіздердің ұсынатын ерекшеліктеріңіз көп», - деді Марио Харди PATA Travel Mart 2019 форумында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, көрмеге қатысатын вьетнамдық туристік операторлардың бірі Қазақстанға бір апта бұрын келді.

«Олар Қазақстанның көрікті орындарын аралап, қарым-қатынас орнатып үлгерген және Қазақстанға төрт чартерлік рейс ашуға уағдаласқан. Сіздерде туристік алғышарттар жеткілікті, тек көбірек насихаттау керек. Инфрақұрылымды дамытып, нарық қатысушыларының бәсекеге қабілеттігін арттырған жөн», - деді РАТА басшысы.

«Kazakh Tourism» АҚ өкілдерінің айтуынша, 2025 жылға дейін Қазақстандағы туризмді дамыту бағдарламасы қабылданған. Онда инфрақұрылымды жақсарту шараларына ерекше көңіл бөлінген.

Еске сала кетсек, ТМД аумағында алғаш рет Нұр-Сұлтанда PATA Travel Mart 2019 Азия-Тынық мұхиты елдерінің халықаралық туристік көрмесі ашылды. Оған Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің 250-ден астам туристік компаниясы қатысуда. Көрме аясында Tax Free Қазақстанның туристерге салықсыз жүйесі іске қосылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Туризм, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT