Қазақстандағы тұрақтылық Орталық Азияның тұрақтылығына кепіл - Тәжікстан сарапшысы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тәжікстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Хайриддин Усмонзода Қазақстанда қолға алынған реформалардың сәтті іске асуы бүкіл Орталық Азияның тұрақтылығына оң әсер ететінін айтады, деп хабарладйы ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер бұрын Орталық Азия елдері сырттан алынған болжамдарға сүйенсе, бүгінде бұл болжамдар аймақтың стратегиялық зерттеу орталықтарында жасалады. Біз мұны бірге жасаймыз. Үнемі пікір алмасып, бұрыннан өзімізге мәлім мәселелерге төтеп беру үшін оның жолдарын бірлесе пысықтаймыз. Бүгінде Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен елдің саяси жүйесінде жүзеге асырылып жатқан реформалар Орталық Азияның көптеген елдері үшін де маңызды», - дейді Тәжікстан сарапшысы.

Спикер Қазақстанның тұрақты дамуы бүкіл Орталық Азияның тұрақтылығының кепілі іспеттес екенін айтады.

«Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстан әрдайым сенімді түрде алға жылжып келеді. Оның тұрақтылығы мен экономикалық дамуы бүкіл өңірдің тұрақтылығы мен дамуының кепілі болып есептеледі», - деді ол Астанада өткен «Орталық Азия-2030: болашақ келбеті» атты сарапшылар кездесуінде.

Бұған дейін Қырғыз Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Қанатбек Азиз Қазақстанда өтетін кезектен тыс Парламент сайлауы туралы пікір білдірген еді.

Ал, Өзбекстан Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының директоры Элдор Арипов Орталық Азия жастарының рөлі туралы айтты.

Сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Орталық Азияның демографиялық өсіміне экономикасының ілесе алмауы келешекте күтпеген қиындықтар туындатуы мүмкін екені туралы пікір білдірді.


Фото: Арман Мухатов


Соңғы жаңалықтар