Қазақстандағы тергеу изоляторларында азық-түлік жеткізу қызметі іске қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жаңа сервистер ашылды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«Бүгінде Алматы қаласы және Алматы облысының қылмыстық-атқару жүйесінің бірнеше мекемесінде Мамандандырылған электрондық дүкен бойынша қанатқақты жобалар іске қосылды. Азық-түлік өнімдерін жеткізу қызметі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қарағанды қалаларының тергеу изоляторларында жұмыс істей бастады. Сотталғандардың туысқандарымен бейнебайланыс арқылы сөйлесулері Ақмола облысындағы ҚАЖ-дың екі мекемесінде сынақтан өткізіледі», - делінген ведомство мәліметінде.

ІІМ бұл жобаларды іске асыру пенитенциарлық жүйеде цифрландыруды дамытуға, ізгілендіру деңгейін арттыруға, сыбайлас жемқорлық пен шағымдардың санын азайтуға ықпал етеді, сондай-ақ сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарына жақындатады деп есептейді.

Осы сервистер арқылы тапсырыс беру және жеткізу ҚАЖ мекемелерінің тапсырыстарды қабылдау бюросындағы кезекті жойып, сотталғандар мен қамауға алынғандарға тыйым салынған заттардың өту фактілерін төмендетеді деп күтілуде.

«ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдар өздерінің туыстары мен жақындарын міндетті түрде келуге мәжбүрлемейді, қолданысқа енгізілген сервис арқылы рұқсат етілген тауарлар мен өнімдерді сатып алуға мүмкіндік болады. Осындай сервистердің қызметін тергеу-қамауға алынғандар және сотталғандардың туыстары мен жақындары да пайдалана алады. Сервистерді қолданысқа енгізу - сотталғандардың тауарды мекеме ішіндегі дүкеннен немесе электрондық дүкеннен таңдауына жол ашады. Яғни, бәсекелестік орта қалыптастырып отыр. Ал бәсекелестік тұтынушыларға сапалы әрі бағасы қолайлы тауарлар ұсынуға деген қызығушылықты арттырады», - деп атап өтілген хабарламада.

Фото: пресс-служба МВД



Соңғы жаңалықтар