+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Қазақстандағы суға шомылуға жарамды орындардың саны қанша

2021 жылғы 29 шілде 13:29
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы суға шомылуға жарамды орындардың саны қанша

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шомылу маусымы басталғаннан бері кәсіпкерлер ел аумағында 33 жаңа жағажай ашқан, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов осындай мәлімет келтірді.

«25 шілдедегі жағдай бойынша ел аумағында шомылуға рұқсат етілген 515 орын бар. Оның 131-і коммуналдық, 303-і жеке жағажай.

Биыл әкімдіктер қосымша 43 коммуналдық жағажай ашса, кәсіпкерлер жабдықталған 33 жағажай ашып отыр», - деді комитет төрағасы.

Оның айтуныша, министрлік су айдындарындағы қайғылы жайттардың санын азайту үшін халықтың барлық топтарымен профилактикалық, үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп отыр.

«БАҚ өкілдерінің қатысуымен 258 брифинг өткізіліп, радио және теледидар арқылы 4 107 үндеу, газеттер мен журналдарда 1 283 мақала жарияланды. Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде су айдындарындағы қауіпсіздік қағидалары бойынша 150 бейнеролик таратылды.

Халық арасында 480 мыңнан астам үгіт-насихат өнімі таратылып, су айдындарында 5 504 қауіпсіздік белгісі орнатылды», - дейді Төтенше жағдай ведомствосының өкілі.

Сондай-ақ, ол шомылу маусымы басталғаннан бері әуежайларда 16 618 және теміржол вокзалдарында 16 076 бейнеролик көрсетілдгенін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT