04.06.2023 02:20 Батыс Қазақстанда су басқан Бөрлі ауданында жарияланған төтенше жағдай режимі алынады АСТАНА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына байланысты Бөрлі ауданында жарияланған жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.05.2023 11:16 Су тасқыны салдарынан солтүстік Италия аймақтарында дабылдың «қызыл деңгейі» жарияланды БРЮССЕЛЬ.ҚазАқпарат – Сенбі күні Италияның Эмилия-Романья аймағында су тасқынына байланысты дабылдың қызыл деңгейі жарияланды, ол жексенбіде де жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.05.2023 14:27 Италиядағы су тасқыны: елдің солтүстігінде 14 адам қаза тапты РИМ. ҚазАқпарат - Жұма күні Италияның солтүстігіндегі Эмилия-Романья аймағында су тасқынынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті. Равенна қаласының билігі екі шағын қаланың тұрғындарын дереу эвакуациялау туралы шешім қабылдады және мүмкіндігінше халықты саяхаттаудан аулақ болуға шақырды, өйткені қауіп деңгейі әлі де ең жоғары қызыл деңгейде қалып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВBC-ге сілтеме жасап.
19.05.2023 19:23 Италияда су тасқынынан 13 адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын эвакуацияланды АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияда бір жарым күнде алты айлық нормада жауған жаңбырдан орын алған су тасқыны салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тауып, 13 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
17.05.2023 08:52 Италияда нөсер жауынның соңы су тасқынына ұласты АСТАНА. ҚазАқпарат – Италияның басым бөлігінде жауған нөсер жаңбыр Чезена қаласы арқылы ағып өтетін Савио өзенінің арнасынан шығуына әкеп соқты. Елдімекендер мен даланы Савио мен Италияның солтүстігіндегі басқа да өзендердің суы басып қалып, көшкін жүрді. Көп адам үйдің шатырына шығып, көмек күтіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.
16.05.2023 14:06 Шығыс Қазақстанда әлі де 13 учаскеде сел қаупі бар ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында сел жүру қаупі жоғары кезең басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.05.2023 13:59 Қытай су тасқынына шұғыл әрекет ету режимін іске қосты БЕЙЖІҢ. СИНЬХУА – ҚазАқпарат – ҚХР су тасқыны мен құрғақшылыққа қарсы мемлекеттік штабы су тасқынына байланысты 4-деңгейдегі жедел әрекет ету режимін іске қосты, өйткені елдің оңтүстік аймақтарында қатты нөсер жауын жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтемемен.
08.05.2023 10:15 Конгода су тасқынынан 400-ге жуық адам көз жұмды КИНШАСА. ҚазАқпарат – Конго Демократиялық Республикасында (КДР) нөсер жауын салдарынан Оңтүстік Киву провинциясында өзендер арнасынан тасыды. Жүздеген үйді су шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ге сілтеме жасап.
06.05.2023 09:40 Конгода су тасқынынан 176 адам қаза болды ЯУНДЕ. АНАДОЛЫ – ҚазАқпарат – Конго Демократиялық Республикасының шығысында орналасқан Оңтүстік Киву провинциясында су басу салдарынан қаза болғандар саны 176 адамға жетті. Бұл туралы провинция губернаторы Тео Нгвабидже Каси мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы-ға сілтеме жасап.
02.05.2023 13:15 Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан бұзылған 20 үйді жөндеу жұмыстары басталады АСТАНА. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан бұзылған 20 үйді жөндеу жұмыстары осы айда басталады. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.05.2023 12:46 4 облыста су тасқынына қарсы іс-шараларды орындамаған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды АСТАНА. ҚазАқпарат – 4 облыста су тасқынына қарсы іс-шараларды орындамаған лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.05.2023 11:25 Көктемгі су тасқынына ұшырауға бейім аумақтар картасы түзетіледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Көктемгі су тасқынына ұшырауға бейім аумақтар картасы түзетіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.04.2023 16:18 Жамбыл облысында 7 үйдің ауласын, 1 үйдің жертөлесін су басты ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 30 сәуірде сағат таңғы 5.30 шамасында Исмаил каналының 1,2 шақырымында, яғни Жамбыл ауданы, «Дорожник» саяжайы, Горный көшесінің тұсында судың жағалауды жырып кетуі орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26.04.2023 11:11 Петропавлда Есіл өзенінде су деңгейі түсе бастады ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Есіл суы қайта бастады. Биыл өзеннің суы қауіпті межеге жетпегенімен, 685 саяжай учаскесін және бірнеше жолды су шайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.04.2023 18:06 Петропавлда бір тәулікте 650-ге жуық саяжай учаскесі су астында қалды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Есіл өзенінің тасуынан су басқан саяжай учаскелерінің саны 700-ге жуықтады. Өзен суының деңгейі әлі көтеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.04.2023 12:40 Петропавлда тасыған Есіл суы саяжай учаскелеріне кіріп жатыр ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда арнасынан шыққан Есіл өзенінің суы 30-ға жуық саяжай учаскесін басты. Су деңгейі көтеріліп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.04.2023 19:24 Петропавлда Есілдің тасуынан халықаралық маңызы бар автожол жабылды ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Есіл өзені тасып, «Новосібір-Челябі» халықаралық маңызы бар автожолдың Заречный кенті маңындағы учаскесін су басып қалуына байланысты жол қозғалысына тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.04.2023 14:42 Петропавлда Есіл тасып жатыр: халықаралық маңыздағы автожолды су басты ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Есіл өзені таси бастады. Бүгін таңертең «Новосібір-Челябі» халықаралық маңызы бар автожолдың 528 км су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.04.2023 21:48 Қазгидромет: 3 өңірде өзен суы көтерілуі мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – 16-17 сәуір аралығында жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарында өзен суы көтеріледі деп күтіледі. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
12.04.2023 16:46 Петропавлда халықаралық маңызы бар жолды су басуы ықтимал ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда Есіл өзені суының тасу шегі болжам бойынша 18-21 сәуір күндері өтпек. Мамандардың айтуынша, бірнеше жолды су басады, оның ішінде халықаралық маңызы бар «Челябинск-Новосібір» автожолы да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.