+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Қазақстандағы стационарларда қосымша 10 мың төсек-орын даярланады

2020 жылғы 30 маусым 12:24
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы стационарларда қосымша 10 мың төсек-орын даярланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың тамыз айының соңына дейін еліміздегі стационарларда қосымша 10 мың төсек-орын даярланады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Біз бұл қиындықты бірлікпен жеңеміз - университет ректоры Қазақстан тоғызыншы рет Аза тұту күнін жариялады – саясаттанушы Мұхтар Төлеген: Бұл індетке үстірт қарауға болмайтынын уақыт анық көрсетті

«Бұл вирустың бір ерекшелігі – пациенттер көбіне стационарлық ем-домға және тыныс алуды жасанды түрде қолдауға мұқтаж. Қазіргі таңда елдегі стационарлық төсек-орындардың толымдылығы - 60 пайыз. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл көрсеткіш – 90 пайыз. COVID-19 пациенттерін емдеу үшін 348 медициналық ұйымда 26 мың төсек-орын әзірленді», - деді Алексей Цой.

Министрдің хабарлауынша, тамыз айының соңына дейін стационарларда 10 мың төсек-орын даярланады. Ол стационарлардың құрылымында жан сақтау бөлімшелері мен интенсивті терапия палаталары ашылып, өкпені жасанды желдету аппараттары қойылады.

«Өкпені жасанды желдету аппараттарының жалпы саны – 3 294. Кейінгі айда 978 аппарат сатып алынды. Оған қосымша осы аппараттың 1 мыңын сатып алу көзделуде», - деді ол.

Еске сала кетсек, Үкімет 2 күннің ішінде осы жылдың наурыз-мамыр айындағыдай қатаң карантин шараларын енгізу бойынша ұсыныс әзірлеуі тиіс.

Бұл тапсырманы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев берген еді .

Өз тарапынан Денсаулық сақтау министрі қатаң карантин бойынша түпкілікті шешім жақында қабылданатынын хабарлаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT