Қазақстандағы сотталушылар мемлекетке 800 млн теңге шығынды өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазаларын өтеу мекемелеріндегі жаңа жұмыс орындарының ашылуы сотталушылардың мемлекет шығындарын өтеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыспен қамтамасыз ету мәселесінің оң шешімі отбасыларға материалдық көмек және сот талабын өтеуге, сондай-ақ алимент бойынша берешегі барлардың (кімде бар болса) жеке шоттарын ақшалай толтыруға мүмкіндік жасайды, деп атап өтті пенитенциарлық жүйенің республикалық ведомствосында.

Материалдық залалдың орнын толтыру жұмыстары оң нәтиже беруде. Егер 2015 жылдың 141 айында сотталушылар жалпы сомасы 846 млн теңге шығынды өтесе, соның ішінде өз еркілерімен 648 млн теңге қайтарған. Ал, 2016 жылы мемлекетке 860 млн теңге қаржы төленді, деп қосты ҚАЖ комитеті. 

Соңғы жаңалықтар