+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандағы сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді

2019 жылғы 9 маусым 22:33
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Қазақстандағы сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс берді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының мүшесі Ләззат Сүлеймен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта еліміздің барлық аймақтарындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталып, сайлау комиссияларының мүшелері дауыстарды санауға кірісті. Сайлау біткеннен кейін 12 сағаттың ішінде дауыстарды санап бітуі тиіс.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары алдын ала ұсынған мәліметтерге сәйкес, 2019 жылғы 9 мауcым 22:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 77,4 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды. Олардың ішінде Ақмола облысы бойынша 83,4, Ақтөбе облысы бойынша 84,9, Алматы облысы бойынша 89, Атырау облысы бойынша 71,2, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 84,9, Жамбыл облысы бойынша 81,3, Батыс Қазақстан облысы бойынша 66,3, Қарағанды облысы бойынша 77,3, Қызылорда облысы бойынша 81,6, Қостанай облысы бойынша 84,1, Маңғыстау облысы бойынша 68,9, Павлодар облысы бойынша 81,2, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 79,8, Түркістан облысы бойынша 84,8, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 68,9, Алматы қаласы бойынша 52,2, Шымкент қаласы бойынша пайыз 67,6 дауыс берді", - деді Ләззат Сүлеймен.
null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT