Қазақстандағы сайлаудың жоғары деңгейде өткендігіне қуаныштымыз -Түркия СІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркия сыртқы істер министрлігі Қазақстанда 9 маусым күні кезектен тыс Президент сайлауының өткендігіне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тамыры терең байланыстарымыз бар Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі - біз үшін аса маңызды. Сайлау нәтижелерінің дос және бауырлас Қазақстан үшін жақсылық әкелуіне тілектеспіз.

Өңірлік қауіпсіздікке, тұрақтылық пен өркендеуге үлес қосуға бағытталған стратегиялық әріптесіміз Қазақстанмен барлық саладағы қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайту жолындағы күш-жігерімізді жалғастыратын боламыз»,- делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар