Қазақстандағы сайлаудан қандай нәтиже күтуге болады - ресейлік БАҚ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан билігі соңғы жылдары экономикалық жағдайға ден қоюда ресейліктерге қарағанда, көш ілгерілік танытып келеді. Олар қиындықтың алдын орауды мақсат етуде, деп жазады snob.ru.

«2007 жылы Президент Н. Назарбаев ТМД-да алғашқы болып ұлттық және әлемдік экономикаға төніп келе жатқан дағдарыс пен тәуекелдер жайлы сөз қозғаған еді», делінген жазбада.

Қазір Қазақстанда Парламентке сайлау алды науқаны жүріп жатыр. Жергілікті саясаттанушылардың айтуынша, бұл билік пен басқару жүйесінің өзгеруіне алғашқы қадам болмақ және елдің экономикалық проблемаларын шешуге жәрдемдесуі тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев қай істе де алдын ала қам жасайтындығы белгілі. Алайда Қазақстандағы сайлаудың (дауыс беру 20 наурызда) мақсаты - елдің саяси жүйесін заңнамалық билікке ықпал ету жағына аудару. Бұл басқару шоғырын жаңартуға жәрдемдесуі тиіс. Бұған белсенді жастар мен кәсіби мамандарды тарту қажет. Оларға жаһандық дағдарыс жағдайында тың шешімдер іздеу, сондай-ақ ел үшін жаңа нарықтық тетіктер әзірлеу жүктеледі. Қазақстандықтар кадрлық жаңарту экономикаға оң ықпал етіп, бизнеске барынша бостандық беретініне сенімді.

Қазақстанда тұрақты жүргізіліп келе жатқан бизнестің жұмысы үшін жағдайларды жеңілдету капиталдарды, оның ішінде ресейлік капиталдарды арттырды. «Жаңа адамдар» ағымдағы сын-қатерлерге неғұрлым тиімді ден қойып, мемлекетке жәрдемдесуі қажет. Бір қызығы, 2012 жылы да Қазақстанда кезектен тыс сайлау өткен. Онда Еуразиялық экономикалық одақ құру мәселесі шешіліп жатқан болатын. Қазіргі күн тәртібі күрделі, өте серпінді әлемдік нақтылық, нарықтық, саяси жағдайға негізделген. Бүгінде Қазақстан үшін маңызды ҚХР мен Ресейдің сыртқы нарықтардағы жағдай - ауыр.

Қазақстан азаматтарының басым бөлігі кезектен тыс сайлауды қолдады, мұны президенттің елді жаңарту жоспарын мақұлдау ретінде бағалауға болады. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 95,4 пайызы партияларға жаңа сенім мандатын алу қажеттігіне сенімді. Соңғы уақытқа дейін парламентте «Нұр Отан» партиясы басым түсті. «Ақ жол» партиясы мен Коммунистік халықтық партиясының да депутаттық мандаты болды. Көптеген жергілікті сарапшылар қалыптасқан теңгерімге оң баға беруде. Олар парламентте жарқын көшбасшылар мен жаңа тұлғалар пайда болуын күтуде. Мерзімінен бұрын өткізілген сайлау ақша мен уақытты да үнемдейтіні де назарға алынған. Саясаттанушылар Қазақстан халықаралық ашықтық стандарттары бойынша сайлау өткізуге әзірленіп жатқанын атап өтуде.

Алдағы сайлау Қазақстан экономикасына орасан өзгеріс әкелетініне күмән жоқ. Ел дағдарысты еңсерумен басталуы тиіс екінші жаңғырту кезеңіне аяқ басты. Ал бұл міндетті шешу көбінесе жаңа депутаттарға жүктелетіні белгілі. 2016 жылдың басында сайлау үдерісін өткізген соң, олар экономикалық міндеттерді шешуге жұмыла кірісу ниетте.

«Астанада биліктің дағдарысты еңсеруге белсенді ден қойғаны бірден байқалады», делінген мақалада.

Соңғы жаңалықтар