Қазақстандағы сайлау жоғары дайындықпен өтті - Дениз Байкал

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Түрлі елдердегі бақылаушылық тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, Қазақстандағы сайлау еш қиындықсыз, тұрақты әрі жоғары дайындықпен өтті. Ақмола облысы бойынша өткен сайлауда халықаралық байқаушы ретінде қатысқан Еуропа кеңесі парламенттік ассамблеясы миссиясының өкілі, түркиялық байқаушы Дениз Байкал.

Оның айтуынша, қазақстандағы сайлау нәтижесі әлем үшін маңызды.

«Қазақстан мен Түркия елінің арасында ертеден келе жатқан бауырмалдық тығыз байланыс пен салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында айнымас ұқсастық бар.

Қазақстан саяси аренада ғана емес, экономикалық дамуы жағынан да Орталық Азияда көш бастап тұр. Еуразияның кіндігінде орналасқан Қазақстанның қай жағынан алсаң да мүмкіндігі зор.

Оған соңғы жылдары Қазақстанда қолға мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық жобалар айқын дәлел. Халықаралық байқаушы ретінде Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауының өту барысына жоғары баға беремін.

Біз өңірдегі сайлау учаскелерінің бірнешеуінде болдық. Тұрғындар ұйымдасқан түрде сайлауға лек-легімен ағылып, белсенді атсалысты. Қазақстандағы сайлау нәтижесі әлем үшін маңызды. Өйткені Қазақстан Орта Азиядағы тұрақтылық пен бейбітшіліктің ошағы болып саналады», деді түркиялық байқаушы.

Соңғы жаңалықтар