Қазақстандағы сайлау халықтың сенімі мен қолдауын көрсетті - Садыр Жапаров

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Бішкектегі отырысын аша отырып, Қазақстан Президентін сайлаудағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы сәтті пайдаланып, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлын тағы да Қазақстан Республикасының Президенттігіне кіріскенімен құттықтағым келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы Қазақстан халқының толық сенімі мен қолдауын паш етті. Сіздің дана басшылығыңызбен бәріміз үшін бауырлас Қазақстан даму мен гүлдену жолындағы сенімді қадамын жалғастыра беретінінен көзім жетеді», - деді Қырғыз басшысы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Бішкекке барды. Одаққа мүше елдердің басшылары қазір шағын құраммен отырыс өткізіп жатыр.


Видеодан алынған кадр
Соңғы жаңалықтар