Қазақстандағы сайлау демократия талаптарына сай өтіп жатыр – украиналық депутат

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда демократиялық процестер мен құндылықтар жоғары деңгейде. Бұл - Украина Жоғары Рада депутаты, «Слуга Народа» фракциясының мүшесі, «Украина – Қазақстан» парламентаралық ынтымақтастық тобының жетекшісі Евгений Шевченконың бүгінгі сайлауда байқаушы ретіндегі пікірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқының Украинамен достық, ынтымақтастық ниеті және бізді жылы қарсы алуы қуантады. Сайлау учаскелеріндегі процеске қатыса отырып айтарым, Қазақстанда демократиялық процестер мен құндылықтардың жоғары деңгейде екенін көріп отырмыз. Сайлау учаскелері қолжетімді және халықаралық байқаушылар қызметіне ешқандай кедергі жоқ. Бұны сайлаушылардың саны мен дауыс беру бюллетеньдерінен байқауға болады. Ал бізде бұл уақытта бюллетеньдер саны азырақ болады. Сондай-ақ, азаматтардың аса белсенділігі байқалады және ауа-райы да қарасып тұр», - деді Е. Шевченко елордада тәуелсіз халықаралық байқаушылардың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сайлау кезінде Қазақстан халқы жауапты әрі тәртіпті сақтайды.

«Сіздерде жауапкершілік, мораль - барлығы да заң аясында жүзеге асырылады. Осыдан да болар, Қазақстан - көпұлтты мемлекет және адамдар бір-бірімен жылы қарым-қатынаста. Мүмкін біздің де сіздерден үйренетініміз көп шығар», - деді ол.

Украиналық депутаттың сөзіне сенсек, сайлаудың демократиялы түрде өтуі сайлау учаскелерінің қолжетімділігімен және халықтың ақпараттандырылуымен маңызды.

«Сайлау учаскелеріндегі дауыс беру процесін таңертеңгі сағат 10:00-ден бақылауды бастадық. Расымен сайлауға адамдардың көптеп келіп жатқаны байқалды. Біз Қазақстан халқының сана-сезімінің жоғары деңгейде екенін білеміз. Олар Парламент сайлауының маңызын түсінеді. Әрине, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға қатысты кішігірім тәртіп бұзушылық болды, дегенмен барлығы да маска тағып жүрді. Ең бастысы - сайлауды демократия талаптарына сай өтіп жатыр деп айтуға болады», - деді Украина Жоғары Рада депутаты, «Слуга Народа» фракциясының мүшесі Сергей Литвиненко.


Соңғы жаңалықтар