+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі – ВАК

2021 жылғы 14 шілде 17:40
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі – ВАК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысында 3 607 нысан «Ashyq» жүйесіне қосылған Ақтөбеде үйлену тойлары мен сауық кеші тоқтамай тұр Алматыда «қызыл» мәртебесі бар 235 адамға айыппұл салынды

Отырыста мәлім болғанындай, COVID-19-бен сырқаттанушылар саны артуда. Коронавирустың дельта штаммының өсуі барлық аймақта тіркелген.

Вирустың репродуктивтік индексі – 1,2, инфекциялық төсек орын жүктемесі – 43%, реанимациялық төсек орын – 35%. Коронавирустың таралу қарқыны бойынша 12 өңір «қызыл аймақта» тұр: Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары аймақта» Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстары, «жасыл аймақта» – Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары тұр. Бүгінгі таңда 4,6 млн-нан астам адам немесе вакцина алуға жататын адамдардың 46,5%-ы бірінші компонентті, 2,5 млн-нан астам адам екінші компонентті алды. Халықты вакцинамен қамтудың ең төмен көрсеткіші Маңғыстау облысында – 23,6%, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында 39%-дан байқалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қанат Мәметқазыұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT