Қазақстандағы партиялық жүйе әлсіз - семинар

None
None
АСТАНА. Маусымның 26-cы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/- Қазақстандағы партиялық жүйе әзірге әлсіз. Сондықтан да елдегі саяси партиялар әлі қоғамның құрамдас бөлігі бола алмай отыр.


Бүгін  елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан НАТО-ның «Роуз Рот» Парламенттік Ассамблеясының 71- ші семинарында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстаннның стратегиялық зерттеулер институтының Ғылыми жұмыстар жөніндегі директорының орынбасары Мариан Әбішева осылай  мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның пікірінше, қазақстандық партиялардың арасында өзара байланыс жоқ. Олар аз ғана топтардың мүддесіне қызмет етеді және олардың әлеуметтік базасы мен идеологиялық ұстанымдары әлі күнге дейін ескі жүйемен жүргізіліп келеді. Сондай-ақ партиялардың жұртшылықпен байланыстары нашар. Олар тек электоралды кезеңде ғана белсенділік танытып, жұмыс істей бастайды. «Осының барлығы да еліміздегі партиялардың азаматтық қоғамның институты ретіндегі әлсіздігін көрсетеді. Қорыта айтқанда, партиялық жүйе мемлекетпен де, қоғаммен де тығыз байланыс орната алмай отыр. Яғни олар қоғам өкілдерінің қызығушылығын тудырмайды», - деді директордың орынбасары.

 Оның  пайымдауынша, осындай жағдайдағы Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың басты ерекшеліктерінің бірі саяси партиялық жүйені трансформациялау болып табылады. «Ал еліміздің сайлау туралы заңына енгізілген ҚР Парламентінің

ең кемінде екі партия өкілінен болуын қарастыратын соңғы өзгерістер осы бағыттағы алғашқы қадамдар болды», - деді М.Әбішева.

Соңғы жаңалықтар