Қазақстандағы партиялар саяси мәдениетті қалыптастыруы керек - Әлияров

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлуге байланысты реформалар кезінде партиялар саяси мәдениетті қалыптастыруы керек, деді бүгін Алматыдағы Философия, саясаттану және дінтану институтында өткен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы семинарда Қазақстан гуманитарлық-саяси коньюнктура орталығының президенті, саясаттануы ғылымдарының докторы, профессор Есенжол Әлияров.

«Президент билік тармақтарын Үкімет пен Парламентке бөліп беру мәселесін көтерді. Елбасы болашақта Қазақстанның үшінші жаңғыруы қай бағытта дамитынын көрсетіп отыр. Бұл жерден саяси өзгерістердің жүзеге асып жатқанын көреміз. Үкіметке алдымызда тұрған саяси өзгерістерге байланысты жауапкершілік жүктеліп отырғаны түсінікті. Осы арада азаматтық қоғам институттарының беделін арттыру қажет. Саяси партиялар үлкен қызмет жасауы керек. Өйткені, партиялар елдің саяси, экономикалық өзгерістерге қатысуын қамтамасыз етеді. Ертең жұрт көшеге шықпауы үшін, партиялар елімізді саяси мәдениетке үйретуі қажет», - деді ғалым. 

ФОТО: ЭК/Андрея ХАЛИНА 

Соңғы жаңалықтар