Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің үлесі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026 жылға дейінгі даму тұжырымдамасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрлік ұсынған құжатта жыл басындағы деректер бойынша Қазақстан халқының саны 19 млн 122 мың адамды құраған. Оның басым бөлігі, яғни 69 пайыздан астамы қазақ ұлтының өкілдері.

«2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еліміздегі ең көп ұлт өкілі - қазақтар. Қазақтар (69,03%), орыстар (18,47%), өзбектер (3,29 %), ұйғырлар (1,5%), украиндар (1,3%), татарлар (1,06%), немістер (0,92%), түріктер (0,61%), кәрістер (0,57%), әзербайжандар (0,61%), дүнгендер (0,40%), белорустар (0,28%), тәжіктер (0,27%), күрдтер (0,25%), шешендер (0,18 %), поляктар (0,15 %), башқұрттар (0,09 %), басқа этнос өкілдері 1,04 %-ды құрады», - делінген даму жоспары баяндалған құжатта.

Ведомство мәліметінше, 2018-2021 жылдар аралығында біршама демографиялық өсім байқалған. Атап айтқанда, соңғы үш жылда елдегі халықтың саны 2,6 %-ға артты.


Соңғы жаңалықтар