+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қазақстандағы орман өртінің жартысына жуығы найзағайдан келеді – Беккер

2019 жылғы 23 қыркүйек 17:56
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы орман өртінің жартысына жуығы найзағайдан келеді – Беккер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы орман өртінің жартысына жуығы найзағайдан келеді. ҚР Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер орман өрттерінің себебін талдау жұмыстары осындай қорытындыға әкелгенін айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
1 мың га орман қалпына келмейтіндей өртеніп кетті – министрлік СҚО әкімі орман өрттерінің алдын алуды тапсырды Қарқаралыдағы өрт 1,5 мың гектар орманды шарпыды

«Баянауыл ауданындағы өрттің шығу себебі жайлы әзірге ештеңе айта алмаймыз. Жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Осы уақытқа дейін бізде 570-ке тарта орман өрті тіркелді. Қыркүйек айындағы өрт оқиғаларына талдау жүргізіп отырсақ, олардың 42 пайызы найзағайдан келген. Көбінің адами фактор әсер ететінін айтып жататыны белгілі. Қыркүйек айы келгеннен-ақ байқап отырсыз: климаттық жағдай өзгеріп, күн суыды, жаңбыр жауып, найзағай ойнады. Бүгін, ертең де елдің біршама аумағында жаңбыр жауады. Дауыл тұруының ықтималдылығы 80-85 пайыз», - деді Владимир Беккер елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет төрағасы, сонымен бірге, табиғи апаттардан мүлкі қираған немесе шөбі өртеніп кеткен азаматтар қайда баруы керектігін жеткізді.

«Азаматтар ең алдымен, жергілікті атқарушы органға және ТЖ органына жүгінуі керек. Арнайы комиссия тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп, көмек беру туралы шешім қабылданады», - деді ол.

Еске сала кетсек, Баянауыл ұлттық паркіндегі алапат өрттің ауыздықталғаны бүгін таңертең хабарланған болатын. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ернұр Өтегенов өрт шыққан орынды тікұшақпен аралап шықты. ТЖК бұған дейін Баянауылдағы өрт елді мекендерге қауіп төндіргенін жария еткен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT