Қазақстандағы медициналық мекемелердің 99,3% электронды құжаттамаға көшті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің денсаулық сақтау саласында толығымен қағазсыз құжат алмасуға көшу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде 697 дербес медициналық ұйымның 692-і жазбаны электронды түрде жүргізе алады. Денсаулық сақтау министрлігі ол үшін тиісті инфрақұрылым мен электронды базаны құрады. Медициналық мекемелердің толығымен e-құжат алмасуға көшуі үшін басты 3 элемент ескерілуі керек: компьютерлік техникалардың болуы, интернет және арнайы медициналық ақпараттық жүйе», - деп жазылған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының Фейсбук парақшасында.

Хабарламада айтылғандай, бүгінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірігіп ауылдық жерлердегі медициналық және фельдшер-акушерлік бекеттерге интернет тарту жұмыстарымен айналысуда. 2022 жылға қарай елдімекендерді толығымен сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Сонымен қатар Қазақстанда электронды денсаулық паспорты енгізілуде. Онда науқасқа қатысты ақпараттың барлығы болады, яғни оның ауруы мен емделуі туралы мәліметтер,вакцинация, қарсы көрсетілім және тағы басқа. Денсаулық паспорты HL7 халықаралық стандартына сәйкес әзірленді. Қазіргі күні халықтың 89% (18,3 млн азамат) электронды паспорт құрылып, толтырылды», -делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар