+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Қазақстандағы құландардың саны 4000-нан асты

2019 жылғы 25 қазан 08:49
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы құландардың саны 4000-нан асты

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Барсакелместен Торғай даласына екі құлан жеткізілді. Бұл жөніндегі Faceebok желісіндегі парақшасында ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділахмет мәлім етті.

2019 жылғы 11 қазан күні «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығынан мемлекеттік «Алтын дала» резерватының аумағындағы жабайы тұяқтыларды реинтродукциялау орталығына екі құлан әкелінді.

«Қазақстандағы құланды реинтродукциялау» жобасы 2017 жылы Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығымен және Норвегия табиғатты қорғау институымен бірлесіп қолға алынған.

Біздің елімізде құлан Қызыл кітапқа енген және жоғалу қаупі бар сирек кездесетін жануарлар қатарында. 2019 жылы Қазақстандағы құландардың саны 4000-нан асады және біртіндеп өсіп келеді, дегенмен жарты ғасыр бұрын олардың саны 100-ден көп болмаған.

Жануарларды бірнеше күн бұрын қазақстандық және шетелдік мамандандардың бірлескен тобы ұстады.

Сондай-ақ, жануарларды ұстау барысында оларды зерттеу үшін және қорғалуын жақсарту мақсатында үш құланға GPS-хабарлағыш қойылған. Осылайша Барсакелмес қорығының аумағында белгі қойылған алты құлан жүр.

Алтын Емел ұлттық саябағында хабар таратқышпен жүрген екі жануарды және Ырғыз-Торғай резерватындағы екі құланды есептейтін болсақ, Қазақстан бойынша он құланнан құнды ақпарат алып отырмыз.

Шара Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының, ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің және шетелдік әріптестердің 2017 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан Орталық Қазақстандағы құландарды реинтродукциялау жөніндегі халықаралық жобасының бірі бөлігі болып саналады.

Құландарды ұстап, жеткізуде Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Аудуру орталығының, Барсакелмес қорығының, Қызылорда және Қостанай облыстық аумақтық инспекциялардың, «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері, сондай-ақ, Аустрия, Франция, Германия және Венгрияның мал дәрігерлері қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT