Қазақстандағы қор нарығына шектеу енгізіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық брокерлер клиенттің, яғни жеке тұлғаның қаржы құралдарын сатып алмас бұрын біліктілігі мен инвестициялық бейінін бағалауға міндеттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда жазылған.

«Клиенттер білікті және біліктілігі жоқ инвесторларға бөлінетін болады. Білікті инвесторлар кез келген қаржы құралын, тіпті тәуекелі жоғары сатып ала алады. Біліктілігі төмен жеке тұлғалар сын-қатері аз консервативті қаржы құралдарын сатып ала алады. Бұл шектеу тиісті білікті басқарушыларды жалдап, өз инвестицияларын өз бетінше бағалай алатын заңды тұлғаларға қолданылмайды», - деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикер тиісті білімі, кәсіби сертификаттары, қор нарығында жұмыс тәжірибесі, кемінде 8,5 мың АЕК сомасына қаржы активтері сияқты өлшемдерге сәйкес келетін жеке тұлға білікті инвестор ретінде танылатынын атап өтті.

Егер инвестор осы өлшемшарттарға сәйкес келмесе, ол өзінің брокері жүргізетін біліктілік деңгейін бағалау бойынша тестілеуден өтуге құқылы.

Инвестициялық кеңес беру қызметтерін тек лицензиясы бар брокерлер мен дилерлер ұсына алады.

М. Хаджиева бұл шаралар инвесторларды қорғауға бағытталғанын және олардың саны 404 мың адамға жеткенін атап өтті.








Фото: ortcom.kz

Соңғы жаңалықтар