«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» конкурсының жеңімпаздары белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – БҰҰ «Қазақстандағы климаттың өзгеруі» тақырыбымен өткен БАҚ өкілдері арасындағы байқаудың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байдақ қорытындысын орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори жариялады.

«Байқау кезінде бүкіл Қазақстаннан жалпы саны 50-ге жуық мақала келіп түсті. Материалдардың бәрі БҰҰ-ның мұқият сүзгісінен өтті. Бағалау оңай болған жоқ. Климаттың өзгеруі, биоалуандық, экожүйенсі сақтау мәселелерін қозғаған, терең ой туындататын мақалалар көп болды. Сондықтан жеңімпазды анықтау қиын болды. Біз бұл мақалаларды шығармашылық деңгейіне, зерттеудің тереңдігіне, стиліне мән бердік. Өйткені бұл мақалалар мемлекет қайраткерлерін, өзге де тұлғаларды бұл проблемаға бейжай қарамауға шабыттандыруы керек еді», - деген БҰҰ өкілі жеңімпаздардың есімін атады.

Сонымен байқаудың үшінші орын иегері – Elorda aqparat ақпарат агенттігінің журналисі Дулат Төлепов БҰҰ сертификаты мен 350 мың теңгенің ваучерін иеленді.

Екінші орын иегері CABAR Asia тілшісі Зульфия Раисоваға 650 мың теңге ваучері бұйырды.

«Бірінші орын алған Astana Times журналисі Жанна Шаяхметоваға 1 млн теңге ваучері беріледі», - деді Микаэла Фриберг-Стори.


Соңғы жаңалықтар