Қазақстандағы кітап басу ісін ашық нарыққа жіберу керек - сенатор

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы кітап басу ісін ашық нарыққа жіберу керек. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында сенатор Нұртөре Жүсіп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару. Бұл да маңызды мәселе. Осыған дейін совет кезінде өмір сүрген жазушылардың кітаптары әртүрлі сериямен жылда қайта басылып келді. Мұндай практикадан кету керек. Өмірге, қазіргі тіршілікке сұранысы жоғары кітаптарды басып шығару қажет. Қазақстандағы кітап басу ісін ашық нарыққа жіберу керек. Балалар әдебиетін қолдау мен дамытуға салалық министрлік баса мән бермесе болмайды»,- деді сенатор «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын талқылау барысында.
Сондай-ақ ол салалық көркемдік кеңестер жұмысы дұрыс ұйымдастырылуы тиіс екендігін, көркемдік кеңеске білікті мамандар тартылуы қажеттігін, талғам мен талап күшті болуы керектігін баса айтты.
«Бәрі мәдениетке байланысты. Ұлттық мәдениет. Рухани мәдениет. Күнделікті түрлі былық-шылықтың, жемқорлықтың, сыбайластықтың, әдепсіздіктің орын алуы мәдениеттің болмауынан. Мәдени деңгейімізді көтермейінше, көп нәрсені жоғалтамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру» туралы айтты. Қазақтың ұлттық жаңа болмысын - мәдениетсіз, мәдениетті азаматтарсыз елестете алмаймыз«, - деді Нұртөре Жүсіп.
- Елордада Елбасыға әртүрлі елдің дипломаттары сыйлаған экспонаттар көрмесі өтті
- Президент Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
- Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты
- ШҚО-да тарихи-өлкетану музейінде селфи күні өтті
-
Түркістан облысында жабық базарлардың қызметі демалыс және мереке күндері тоқтатылды
-
Шоқыну мейрамы: 1500-ден астам ақмолалық суға шомылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам