Қазақстандағы қалаларда қандай шыршалар тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада 22 желтоқсанда еліміздің бас шыршасының шамдары жарқырады. Одан кейін бұл үрдіс өзге өңірлерде де жалғасын тапты. Кей өңірде салтанатты шара онлайн режимде өтсе, кей өңірде шырша маңында санаулы ата-ана мен бала ғана болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

22 желтоқсан күні кешкі сағат 20:00-де астанадағы барлық шыршаның шамы жанды.

Қала тұрғындары мен қонақтары EXPO кешені маңына жиналды. Еліміздің бас шыршасы осы жерге орнатылған. Жалпы, Нұр-Сұлтанның түкпір-түкпіріне ұзын-ырғасы 30 жаңажылдық шырша қойылған.


Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласындағы Бәйтерек монументі жанына құрақ көрпеден жасалған шырша қойылды.


Ерекше шыршаның биіктігі – 6 метр, құрақтың ұзындығы – 70 мың метр, оны жасауға 200-ден астам адам атсалысқан.

Алматы әкімдігінің өкілдері жаңажылдық шырша мен қаланы безендіруге ақша бөлінбегенін мәлім етті. Мерекеге орай мәдениет басқармасының ведомствоға қарасты мекемелері 25 іс-шара ұйымдастырды. Оның көпшілігі онлайн форматта өтеді.

Павлодарда бас шырша шамын 24 желтоқсан күні тікелей эфирде жақты. Карантинге байланысты салтанатты шара алғаш рет Ertis телеарнасының эфирінде өтті.


Кеншілер қаласы – Қарағандыда жаңа жылдық бас шыршаның шамдарын жағу салтанаты 25 желтоқсан күні онлайн форматта өтті.


Дәл осы күні Көкшетаудағы Абылай хан алаңында жаңа жылдық бас шыршаның шамдары жағылды. ​Бас шыршаның биіктігі – 22 метр, «Достар» мәдениет үйі алаңындағы шыршаның биіктігі 18 метрден кем емес.


26 желтоқсанда Түркістанда әкімшілік-іскерлік орталықтағы шыршаның шамын қала әкімінің орынбасары Мерлан Керімжанов жақты. Облыс орталығында ертеректе қала тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама қорытындысына сәйкес, өткен жылғы шыршалар орнатылып, безендіру жұмысы жүргізілген болатын.

26 қаңтарда Шымкентте жаңажылдық шырша шамы жағылды. Биыл пандемияға байланысты мерекелік шараға санаулы бала ата-анасымен қатысты.


Әкімшілік-іскерлік алаңындағы жасанды шыршаның биіктігі 25 метр. Оны безендіруге жалпы ұзындығы 1200 метр қылқан жапырақ, 110 жарық шамы мен 760 алтын шар, 800 метр жылтырақ жұмсалған.



29 желтоқсан күні сағат 18:00-де Өскемендегі Республика алаңында бас шыршаның шамы жарқырады.

Қала басшысы Жақсылық Омардың айтуынша, бүгінде Қазақстан көшесі, Жеңіс даңғылы, Комендантка өзені, Ушанов алаңы, Металлургтер мәдениет сарайының алдындағы сквер, Арбат пен Республика алаңы мерекеге орай безендірілді.



Соңғы жаңалықтар