Қазақстандағы Израиль Елшілігі жұмысын қайта бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы Израиль Елшілігі жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті достар, біздің Елшілік, сонымен қатар бүкіл әлемдегі өзге де израильдік миссиялар жұмыстарын штаттық режімде қайта бастайды. Израиль Сыртқы істер министрлігі мен Қаржы министрлігі қызметкерлері арасындағы келіссөздер жалғасатын болады», - делінген Қазақстандағы Израиль Елшілігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратта.

Бұған дейін Израиль шет елдердегі дипломатиялық миссияларын жауып жатқанын хабарлаған едік.

«Қаржы министрлігі Бас директоры бекіткен және 2019 жылдың 21 шілдесінде қол қойған келісімдерді бұзу туралы шешіміне және ондаған жылдар бойы күшіне еніп келе жатқан хаттаманы өзгертетін шет елдердің өкілдеріне біржақты процедураларды енгізуге байланысты Сыртқы істер министрлігі шет елдердегі барлық дипломатиялық өкілдіктерді жабуға мәжбүр. Консулдық қызметтер көрсетілмейді. Бұдан бөлек, мекемеге кіруге ешкімнің құқығы жоқ», - деді Израиль СІМ.

Соңғы жаңалықтар