Қазақстандағы Иран Елшілігі Тәуелсіздік күнін атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада Иран Ислам Республикасының Тәуелсіздік күніне және Ислам революциясы жеңісінің 39 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты шараны ашқан Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Моджтаб Дамирчилу өз сөзін қазақ тілінде бастады.

«Құрметті қонақтар, сіздерді бүгін қарсы алу мен үшін зор құрмет. Сіздерге Ислам революциясы жеңісінің 39-шы жылына арналған салтанатты қабылдауға қатысқандарыңыз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», - деп атап өтті Елші.

Моджтаб Дамирчилу көршілес елдермен, оның ішінде Қазақстанмен қарым-қатынасты дамыту Иранның сыртқы саясатындағы басты ұстанымдардың бірі екендігін баса айтты. Сонымен қатар ол ағымдағы жылдың 29 қаңтары Иран мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 26 жыл жолуымен тұспа-тұс келгендігін атап өтті.
null 

«Бүгінде біздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынас ғасырлық тарихи, мәдени және дәни тамырластыққа арқа сүйейді», - дейді Елші.

Қазақстан тарабынан ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев сөз сөйлеп, соңғы 3 жылдың көлемінде Қазақстан мен Иран арасындағы саяси байланыстардың жандана түскендігін ерекше атап өтті.
null 

«Оған Президенттер мен министрлердің, сонымен қатар екі тараптың да түрлі деңгейдегі делегацияларының бір-біріне сапары дәлел бола алады. Бүгінде екі елдің арасында сауда-экономикалық, аэроғарыш және саяси ынтымақтастық белсенді даму үстінде. Таяу және Орталық Шығыста қуатты экономикалық әлеуетке және географиялық тұрғыда оңтайлы аймаққа орналасқан Иран Қазақстанның ең маңызды серіктестерінің бірі саналады», - деді ол.

null null null null null null null null null 

Соңғы жаңалықтар