+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қазақстандағы инфляция деңгейі 3% құрады

2019 жылғы 2 қыркүйек 18:50
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы инфляция деңгейі 3% құрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы инфляция деңгейі өткен айлармен салыстырғанда 2019 жылғы тамызда - 0,2%, ал 2018 жылдың желтоқсан айынан бері - 3% құраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк алдағы үш жылда инфляция деңгейі қалай өзгеретінін айтты 2020-2021 жылдары инфляцияның дәлізі 4-6 пайыз болмақ – Руслан Дәленов Қазақстанда ет, нан және жарма бағасы қымбаттады
Өткен айда азық-түлік тауарлары – 0,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,4% қымбаттаған, ал ақылы қызметтер бағасы – 0,1% көтерілді.

Жыл басынан бері 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, азық-түлік тауарларының бағасы - 6,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы - 2,9% өсті, ақылы қызметтер 0,6% арзандады.

Жыл басынан бері тары 48,2%, күріш 20,5%, ұн - 16%, қой еті 12,7%, мұздатылған балық – 11,2%, сиыр еті - 10,6%, жылқы еті - 10,1%, нан 9,4%, құс еті - 8,7%, макарон өнімдері - 8,4%, шошқа еті - 8%, мәйек ірімшігі - 6,7%, ет өнімдері - 6,5%, бөлке және ұннан жасалған өнімдер - 5,7%, шай - 5,3%, шұжық өнімдері - 5,1%, кондитерлік өнімдер - 4,2%, жемістер мен көкөністер 4,1% қымбаттаған.

Темекі өнімдері - 10,3%, салқын сусындар - 9,6%, алкогольді ішімдіктер - 5,9% қымбаттады. Жұмыртқа - 6,5%, түйіршіктелген қант – 5,2%, сүт – 5%, сүзбе 2,3%, қарақұмық – 1,6% арзандаған.

Оқу-анықтамалық құралдар - 6,3%, балалар аяқ киімі - 6,2%, кеңсе тауарлары - 5,5%, фармацевтикалық өнімдер - 5%, құрылыс материалдары - 4,9%, балалар киімі - 4,4%, тұрмыстық құралдар - 4,2%, жиһаз және тұрмыстық заттар - 4,1%, тоқыма бұйымдары - 4%, жуғыш және тазалағыш заттар - 3,6%, оқушылар сөмкесі 3% қымбаттаған.

Бензин - 4,5%, дизель отыны, баллондардағы сұйытылған газ 0,9% арзандаған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында орталықтан жылыту тарифтері 11%, ыстық су 10,1%, суық су 7,8%, кәріз желілерін пайдалану 7,2%, электр қуаты 5,6%, қоқыс жинау 3,6%, тасымалданатын газ тарифтері 4,4% төмендеген.

Санаторий қызметтері - 10,1%, заңгерлік қызметтер және жеке көлік құралдарын сақтандыру - 5%, медициналық қызметтер - 4,5%, экскурсиялар мен демалыс орындарына бару - 4,6%, қоғамдық тамақтану, шаштараз және жеке қызмет көрсету орындары - 3,8% қымбаттаған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT