Қазақстандағы инфляция 16,8%-ға дейін баяулады – Ұлттық банк

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандағы инфляция ақпан айында жылдық мәннің шарықтау шегіне жеткеннен кейін сәуір айында 16,8%-ға дейін баяулады. Мұны Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстандағы инфляция ақпан айында жылдық мәннің шарықтау шегіне жеткеннен кейін сәуір айында 16,8%-ға дейін баяулады. Бұл Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес келеді. Оған азық-түлік бағасы көптеп үлес қосып, жылдық мәнде 17,9%-ға дейін баяулады. Ақылы қызметтердің инфляциясы да 13,7%-ға дейін баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жылдық баға индексі 18,2%-ға өсті», - деді Виталий Тутушкин.

Жылдық инфляцияның баяулауына қарамастан, инфляцияның айлық көрсеткіштері құбылмалы. Атап айтқанда сәуір айындағы мөлшер әлі де 2017-2021 жылдар аралығындағы орташа мәннен артық болып отыр.

«Тұрақсыз инфляциялық күтулер, мемлекеттік шығыстардың үздіксіз ұлғаюы, сонымен бірге, жанар-жағармай нарығы мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтерінде уақыты келген реформаларды іске асыра бастау түріндегі ішкі проинфляциялық факторлар сақталып, жүзеге аса бастады. Факторлардың жиынтық балансы орта мерзімді перспективада инфляцияны төмендету үшін 2023 жылдың бірінші жартысында Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтауды айқындайды. Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі іс-әрекеттер мамыр айындағы жаңа деректерді ескере отырып жаңартылған болжамға байланысты болады», - деп тоқталды Виталий Тутушкин.


Соңғы жаңалықтар