Қазақстандағы Имамеддин Нәсими жылының ашылуында ақынның қазақша жинағы таныстырылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық Түркі академиясы ІҮ Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде түркі әлеміне ортақ тұлға Имадеддин Нәсимидің қазақ тіліндегі «Өлеңдер» жинағы, сонымен бірге «Әзербайжан әдебиетінің антологиясы» атты кітаптардың тұсаукесерін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

TWESCO баспасөз қызметінің мәліметінше, осы тұсаукесер рәсімі арқылы Қазақстанда Имамеддин Нәсими жылы ресми түрде ашылған.

Айта кетерлігі, бұл еңбектер Имадеддин Нәсимидің туғанына 650 жыл толуына орай жарық көріп отыр. Іс-шараға Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Маммадов, Әзербайжан Парламентінің депутаты Мұса Гулиев, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, филология ғылымының докторы, Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Амантай Шәріп және Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының өкілі Закулла Байрамлы қатысты.
null

Тұсаукесерде сөз алған Әзербайжанның елшісі Рашад Маммадов: «12 ғасырда Имамеддин Нәсимимен қатар ұлы Низами сияқты көптеген шайырлар болған. Бірақ Нәсимидің ерекшелігі, ол көне түрікше, әзербайжан тілінде жазған. Ол өз шығармашылығы арқылы тілімізді де байытты. Нәсими - түркі дүниесіне ортақ тұлға. Осы кітапты басып шығарған Түркі академиясына өз алғысымызды білдіреміз» - деген ойын ортаға салды.

Ал Әзербайжан Парламентінің депутаты Мұса Гулиев мәдениет түркі елдерін жақындастырады деген пікір айтты.

«Осындай нәрселер бір бірімізді тереңірек біле түсуге мүмкіндік береді. Келешекте Әзербайжанда қазақ ақындарының шығармаларына арналған осындай көрмелер ұйымдастырылады деп ойлаймын. Әзербайжан әдебиетінің антологиясын қазақ тіліне аударып шығару қажет деген пікірдемін» - деді Мұса Гулиев.

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі: «Имамеддин Нәсими сопылық әдебиеттің ірі өкілі. Ол Халладж Мансур, Қожа Ахмет Ясауи сияқты тәңірлік түсінікті жырлаған. Соны халықтың тілінде жырлаған, түркі тілінің дамуына үлкен үлес қосқан көрнекті ақын. Әмір Темірдің кезінде өмір сүрген» - деп түркі әлеміндегі рух және дәстүр сабақтастығы туралы айтты.
null

Тұсаукесер барысында таныстырылған екінші «Әзербайжан әдебиетінің антологиясы» атты кітапқа ең үздік проза, поэзия және драматургиялық шығармалар енгізілген.

Іс-шара кезінде Имамеддин Нәсимидің өлеңдері әзербайжан және қазақ тілдерінде оқылды.
null null null null

Соңғы жаңалықтар