Қазақстандағы Халықаралық армия ойындары тікелей эфирден көрсетіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Жамбыл облысындағы «Отар» 40-шы әскери база полигонында 2019-Халықаралық армия ойындары басталады. Әскери жарыс әуесқойлары мен барлық көрермендер ойындардың ашылу рәсімін тікелей эфирден тамашалай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Онлайн-трансляция Қорғаныс министрлігінің сайтындаmod.gov.kz, Qazsport телеарнасында, inform.kz, zakon.kz порталдары мен 24.kz.youtube-каналында жүргізіледі.

Салтанатты ашылу рәсімі Нұр-Сұлтан қаласыныңуақытымен сағат 11.00-де басталады.

«Тікелейэфирден «Артиллериялық ату шебері» конкурсын да көруге болады. Көрермендердіқызықты жарыстар күтіп тұр. Брондалғантартқыштар жарысы, күндізгі және түнгі уақыттағы артиллериялық атыстар болады. Және әрине, бұл, 12 елдің командасыменсайысқа түсетін әскери қызметшілерімізге қолдау білдіру мүмкіндігі», - деді ҚРҚорғаныс министрлігінен.

Қазақстанда 2019-Халықаралық армия ойындарышеңберінде үш конкурс өтеді. Сондай-ақ, артиллерияшылар, пилотсыз ұшу,байланысшылар жарысы ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар