Қазақстандағы франчайзинг нарығы жылына орта есеппен 15%-ға өсіп келеді (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Kazfranch-2015 үшінші форумы мен көрмесі өтті.

Көрме барысында «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры ШОБ өкілдеріне фрначайзингтік жобаларды кейіннен қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерге қаражатты шартты орналастыру бағдарламасының жобасын таныстырды.

«Даму» қорының басқарушы директоры басқарма мүшесі Ғабит Лесбековтың айтуынша, франчайзинг жүйесі бойынша ісін ашқан жас кәсіпкерлердің 90 пайызы аяғынан нық тұрып кетеді.

«Қиын экономикалық жағдайда жаңа бизнес көзін ашатын кәсіпкерлер үшін франчайзинг жүйесі үлкен көмек. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, өз бизнесін бастағандардың 90 пайызы аяғынан нық тұрып кетеді. Бұл кәсіпкерлер алдындағы үрейді жоюға көмектеседі. Бренд жасау үшін бірнеше жыл, көп қаражат қажет. Қазір франчайзинг жүйесін дамыту бойынша арнайы «Даму» қоры арнайы бағдарлама жасады. Арнайы қаржылық және бейқаржылық көмек көрсетілетін болады. Бағдарламаның негізгі мақсаты кәсіпкерді арнайы оқытып, менеджерлік жұмысын жүргізуге көмек беру. Қазақстандық франчайзинг алушы компаниялар жартылай кепілдеме, демеуқаржы, грант, 6 пайыздық жеңілдік сияқты көмек құралдарына қол жеткізе алады.

Сонымен қатар, тағы 1 жыл бойы тәжірибелі кәсіпкерді тағайындап, 1 жыл көлемінде ақыл-кеңес беріп жүреді», - деді қордың басқарушы диреткоры Ғабит Лесбеков.

Оның айтуынша, бүгінгі көрмеге қатысқан жеңіл өнеркәсіп саласындағы бірқатар кәсіпорындардың 10 пайызы мемлекет тарапынан көмекке қол жеткізген.

Форум аясында Бекнұр Қисықов (Қазақстан), Нина Плетеной (Ресей), Пэт Кэссиди (АҚШ), Николай Топоража (Украина) және т.б. франчайзинг саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылар сөз сөйлеп, шеберлік сабақтарын өткізді.

Еуразия Франчайзинг қауымдастығының президенті Бекнұр Қисықовтың айтуынша, Қазақстандағы франчайзинг нарығы жылына орташа есеппен 15%-ға өсіп келеді.

«Қазақстандағы франчайзинг нарығы жылына орташа есеппен 15%-ға өседі. Бүгінде франчайзингтік желілердің саны 4 558 франчайзымен 497 брендті құрайды. Франчайзинг нарығының айналымы жылына 3 млрд. долларға жетеді, ал секторда барлығы 30 000 адам жұмыс жасап жатыр», - деді Б.Қисықов. Айта кету керек, Kazfranch-2014 қатысушыларының 55,3 пайызы жаңа серіктес тапты. Ал франшиза бойынша 7 мәміле жасалып, 8 компания 55 тапсырыс алды. 18 компания франчайзи кәсіпорындармен өз франшизаларын сатуға келіссөздер жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар