Қазақстандағы этнос өкілдерінің тарихи отанымен кәсіпкерлік байланыстары жолға қойылмақ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев Грузияның, Литваның және ТМД елдерінің дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шараға Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Қырғыз Республикасы, Әзербайжан, Грузия, Ресей елдерінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері, сондай-ақ Литва Республикасының Қазақстандағы үшінші хатшысы қатысты.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Кәсіпкерлер қауымдастығының жұмысына ерекше тоқталып, Ассамблеяға даму бағытындағы бірқатар маңызды тапсырма жүктеген болатын. Бұл ретте ҚР Сыртқы істер министрлігіне ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы желісі арқылы шетелдік инвесторлармен экономикалық ынтымақтастықтықты нығайту, іскерлік байланыстарды бекемдеп, елге инвестиция тарту үшін ҚХА-ның шетелдік достары клубын құру, шетелдік инвесторлармен келіссөздер кезінде ҚХА мүшесін талқыға араластыру жүктелді», - деді Жансейіт Түймебаев кездесу барысында.
null

ҚХА төрағасының орынбасары сондай-ақ, Елбасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктеген тапсырмаларын да тізіп өтті. Оның айтуынша, аталмыш ведомствоға «Атамекен» палатасымен бірігіп, Кәсіпкерлер қауымдастығының жұмысын жаңа деңгейге көтеру, олардың құрамын бизнес-бірлестіктердің жетекші өкілдерімен толықтыру тапсырылған.

«Негізгі бағыт - әртүрлі этностардың кәсіпкерлерінің тарихи отанымен іскерлік қарым-қатынасын жолға қою. Біз сіздермен тараптарыңыздан осы мәселеге келгенде түсіністік тапсақ дейміз. Өз кезегімде біздің бірлескен жұмысымызды жандандыру үшін ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынбыз», - деді Жансейіт Түймебаев.
null

Соңғы жаңалықтар