Қазақстандағы ең үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі жарияланды

None
None
АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстанда академиялық статистикалық көрсеткіштердің, сарапшылардың бағалаулары мен жұмыс берушілердің арасында жүргізілген сауалнаманың негізінде үздік жоғары оқу орындарының ағымдағы жылғы рейтингі жасалды. «Казахстанская правда» газетінің жазуынша, көпбейінді үздік жоғары оқу орындарының бестігіне мына университеттер кірді:

97,03 % көрсеткішпен - Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті;

95,38 % - Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті;

53,5 % - Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті;

53,02 % - Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;

45,17 % - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті.

Ал үздік техникалық оқу орындарының бестігі мыналар:

Қазақстан - Британ техникалық университеті - 91,19%;

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті- 72,08%;

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті - 67,23 %;

Алматы технологиялық университеті - 53,68%;

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті - 52,77%.

Сонымен қатар, гуманитарлық-экономикалық үздік жоғары оқу орындары мыналар болып анықталды:

ҚМЭБИ (КИМЭП) университеті - 96,30%;

Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті - 59,02%;

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті - 58,33%;

Қазақ гуманитарлық-заң университеті - 56,06 %;

Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті - 56,03 %.

Оған қоса, «Астана» медициналық университеті (Қазақ мемлекеттік медициналық академиясы -86,41 %) еліміздің үздік медициналық оқу орны атанса, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (94,80%) үздік педагогикалық жоғары оқу орны деген баға алған.

Ал үздік өнер оқу орындарының ішінде бірінші орынды - 91,28 % көрсеткішпен Қазақ ұлттық өнер университеті (Қазақ ұлттық музыка академиясы) иеленді.

Соңғы жаңалықтар