Қазақстандағы ең үздік 10 кәсіпқой боксшының тізімі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Boxrec.com сайты қазақстандық үздік кәсіпқой боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Соңғы жылдары бұл тізімнің басында үнемі Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) тұратын. Биыл да GGG көшбасшы болды. Ол қазір IBF және IBO нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы.

Екінші орында — WBO International чемпионы Қанат Ислам (27-0, 21 КО). Ол да орта салмақта өнер көрсетеді.

Үздік қазақстандық боксшылардың үштігін Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) түйіндеді. Оның қанжығасында бірінші жартылай орта салмақтағы WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулері бар.

BoxRec рейтингі бойынша 10 үздік кәсіпқой боксшы:

1. Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) — 806.0

2. Қанат Ислам (27-0, 21 КО) — 28.66

3. Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) — 27.41

4. Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) — 21.29

5. Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) — 16.14

6. Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) — 14.54

7. Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) — 14.46

8. Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) — 12.87

9. Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) — 10.64

10. Руслан Мәдиев (13-1, 5 КО) — 8.076.



Соңғы жаңалықтар