Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі тамызда 7,5% өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы тамызда Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 29 146 теңгені құрады. Бұл алдыңғы айдағы көрсеткіштен (27 122 теңге) 7,5 процентке артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы тамызда 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 13,8 процентке, ал өткен жылдың тамызына қарағанда 13,6 процентке жоғарылаған.

Оның құрамында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығындар үлесі 18,1, сүт, кілегей өнімдері мен жұмыртқаға - 13,9, жемістер мен көкөністерге - 12,7, нан және жарма өнімдеріне - 6,9, қант, шай және дәмдеуіштерге 1,9  процентті құрады. 

Соңғы жаңалықтар