Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі маусымда 5,2% өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы маусымда Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері 27 850 теңгені құрады. Бұл алдыңғы айдағы көрсеткіштен 5,2 пайыз артық деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы маусымда 2017 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 8,8 пайызға,  ал өткен жылдың маусымына қарағанда 10,9 пайызға жоғарылаған.

«Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 18,8, сүт, кілегей өнімдері мен жұмыртқаға - 16,6, жемістер мен көкөністерге - 12,7, нан және жарма өнімдеріне - 6,9, қант, шай және дәмдеуіштерге 2 пайызды құрады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар