Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 12% өскен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 2019 жылғы маусым айында орташа күнкөріс минимумының шамасы жан басына шаққанда - 29 мың 618 теңге болды. Бұл өткен айдың көрсеткішімен (маусымда – 29 мың 872 теңге) салыстырғанда 0,9% кем, деп хабарлайды ҚазАқпарат статистика комитетіне сілтеме жасап.

Негізгі азық-түлікті тұтынудың ең төменгі нормасымен есептегенде күнкөріс минимумының шамасы жан басына шаққанда 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда биылғы жылдың шілде айында 12% өскен. Ал өткен жылдың дәл осы айымен салыстырғанда - 9,2% көп.

Күнкөріс минимумы құрылымында шығындар үлесі ет және балық өнімдерін сатып алуға - 19,9% сүт, май өнімдеріне және жұмыртқаға – 14,8%, жеміс-көкөніс өнімдеріне - 10,9%, нан және жарма өнімдеріне - 7,4%, қант, шай және дәмдеуіштерге – 2% құрады.

Соңғы жаңалықтар