+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қазақстандағы ең сұранысқа ие мамандар - күзетшілер мен санитарлар

2019 жылғы 1 тамыз 19:16
Бөлісіңіз:
Қазақстандағы ең сұранысқа ие мамандар - күзетшілер мен санитарлар

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында электрондық еңбек биржасында түйіндемелер мен бос жұмыс орындары санының арақатынасы бойынша ең тапшы мамандықтар тізімін күзетшілер бастап тұр. Бұл жөнінде Еңбек ресурстарын дамыту орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысының әкімі Индер ауданында жұмыс орындарын ашуды тапсырды AntiKor.live: Жаңа жұмыс орнын ашқаннан гөрі, барын сақтап қалу тиімді Қызылорда облысының Сырдария ауданында 2 тұрғын үй іргетасы қаланды

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары атап өткендей, биылғы 6 ай қорытындысы бойынша еңбек нарығында 4,4 мыңнан астам күзетші бос лауазымына сұраныс жоқ. Тапшы мамандықтар бестігіне санитарлар (2,6 мыңнан астам бос жұмыс орны), тазалаушылар (2,3 мың), даяшылар (2,2 мың) және жүк тиеушілер (2,1 мың) кірді.

Ең сұранысқа ие мамандықтардың ондығына жол салушылар, балабақша тәрбиешілері, мейіргерлер, такси жүргізушілері мен промоутерлер енеді.

Айта кететін жайт, республика өңірлерінде еңбек нарығындағы сұраныс айтарлықтай ерекшеленеді. Мәселен, Шымкентте - тазалаушылар (300-ден астам бос жұмыс орны), Алматыда - такси жүргізушілерінің жетіспеушілігі байқалады (2 мыңнан астам бос жұмыс орны). Нұр-Сұлтанда күзетшілер жетіспейді (1,1 мың бос жұмыс орны).

2019 жылдың бірінші жартыжылдығындағы электрондық еңбек биржасында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсыныстарының талдауымен толығырақ мына сілтемеде танысуға болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT