Қазақстандағы ең қымбат көше - Алматыдағы әл-Фараби даңғылы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Cushman&Wakefield тобының апталық есебінің қорытындысына сәйкес Алматыдағы әл-Фараби даңғылы әлемнің ең қымбат көшелері рейтингісінде 40-орынға тұрақтады.

2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда, Қазақстан 6 сатыға жоғары көтерілді. Жаңа дерек бойынша Қазақстанның оңтүстік астанасы Будапешт, Варшава, Бангкок сынды қалаларды артта қалдырып, Дубай қаласының деңгейімен теңесті.

Рейтинг бойынша әлемнің ең қымбат көшесі - Гонконгтың Causeway Bay көшесі болып тұр. Мұнда 1 шаршы фут жердің орташа айлық құны 1950 АҚШ долларын құрады.

Коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығын шолушылардың айтуынша, Алматыда премиум-алаңдардың бір айдағы орташа құны 140 АҚШ долларын құрап отыр. Олардың мәлім етуінше, әл-Фараби көшесінің "қымбаттауына" Louis Vuitton, Burberry,Gucci, Ralph Lauren, Dolce & Gabbana, Fendi, Breitling Omega брэндтері мен 5th Sacks Avenue сауда желісінің ашылуы әсер еткен. Бұл нысандардың пайда болуы бағаның шарықтауына әкеп соққан.

Соңғы жаңалықтар