Қазақстандағы электр қуатының 70 пайызы көмірден өндіріледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы электр энергиясының 70% көмірден, 20% газдан, 3% жаңартылатын көздерден (ЖЭК), қалғаны – су көздерінен өндіріледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылы жаңартылатын энергия көздерінің объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 4,2 млрд кВт/сағ құрады.

Жаңартылатын энергия көздерінің объектілері, соның ішінде ірі СЭС-тер өндіретін электр энергиясының үлесі 2015 жылғы 10,3%-дан 2020 жылға қарай 11%-ға дейін өсті. Ірі су электр станцияларын есептемегенде бұл көрсеткіш одан да төмен – 2021 жылы алынған қуаттың үлесі 3,7%-ды құрады.


Соңғы жаңалықтар