Қазақстандағы екі жоғары оқу орнының ректоры тағайындалды
2018 жылғы 29 қаңтар 12:45

Қазақстандағы екі жоғары оқу орнының ректоры тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (ШҚМУ) мен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің (СҚМУ) ректоры қызметіне үміткерлерді анықтау бойынша республикалық конкурстық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің төрағалығымен құрамына танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері кіретін комиссия ректор қызметіне үміткерлермен әңгімелесу өткізді. Конкурсқа өтініш білдірген 10 үмкіткердің ішінен республикалық конкурстық комиссияға 5 үміткер ұсынылды», - делінген хабарламада.

Әңгімелесудің нәтижесі бойынша, ШҚМУ ректоры қызметіне Төлеген Мұхтар Әділбекұлы және СҚМУ ректоры болып Өмірбаев Серік Мәуленұлы тағайындалды.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT